Лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу барысында заң талаптарын бұзудың көптеген өрескел фактілері анықталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің іс-әрекеттері сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау мен тергеуге ғана емес, сонымен қатар оларды болдырмау бойынша алдын алу шараларын қабылдауға бағытталған.
Осы аспектіде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабы тәртібінде ұсынымдарды енгізу практикасын жүзеге асырады.
Қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша тиісті ұсыныстар енгізіледі және оларды қарау бойынша мемлекеттік органдардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіледі. Алайда қазіргі елдегі пандемияға байланысты енгізілген ұсыныстар әлеуметтік желілердің алаңдарын пайдалану арқылы онлайн-форматта қаралуда.
Осыған орай, 2020 жылдың 27 мамырында Білім беру басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы мен бағынышты мекемелердің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық істер бойынша ҚПК-нің 200 бабына сәйкес ұсыным қаралды.
Шараға Департамент басшысының у.м.а. Қожахметов Қанат Оспанұлы және Атырау облысы аппарат басшысы Исаков Болат Альмұханұлы қатысты.
Жүргізілген қылмыстық іс шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау және оған бағынышты мекемелердің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу барысында заң талаптарын бұзудың көптеген өрескел фактілері анықталды.
Мәселең, Атырау облысы Перинаталдық орталығының басшылығымен өзі басқаратын кәсіпорынымен «КАЗГЮУ Университеті» АҚ «Mini Master of Business Administration (MBA)» бағдарламасы бойынша «Әкімшілік істер магистрі» мамындығында өзін оқу үшін 1 800 000 теңгеге келісімшарт жасақтаған. Оқуға қаражат – демеушілік, қайырымдылық көмектер қаражаты есебінен аударылып, талан-таражға салу жолымен иемделінген.
Сонымен қатар, басшылықпен өзі басқарып отырған кәсіпорынының қызметкерлеріне сыйақы, ынталандыру сыйлығы және ақылы қызметтер жасағаны үшін қосымша ақы ретінде барлығы 6 978 000 теңге ақша қаражатын негізсіз артық аударып, арадағы бір қызметкеріне тапсырма беру арқылы қайта жинап алған.
Сондай-ақ, Португалия Республикасында оқуға неонтология дәрігеріне кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу бойынша 1 490 000 теңге қаржылық көмек бөлінген. Алайда, неонтология дәрігерін іс-сапарға жолдамай, жеке өзі шет мемлекетке негізсіз барған.
Сонымен қатар, Перинаталдық орталығының басшысының лауазымына конкурсқа қатысқан кезде экс-басшысының еңбек өтілі – 4 жыл 10 ай 24 күн болған, алайда, денсаулық сақтау ұйымдарының басқару лауазымындағы еңбек өтілімі 5 жылдан кем емес болу қажет екен. Ал бұл лауазымға директорды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы негізсіз ұсынған екен.
Анықтама үшін:
2018 жылда өлі туылған нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі балалардың өлімі 239 құрады.
Ал 2019 жылдың 9 айы ішінде бұл көрсеткіш 196 құрады.
Сонымен қатар, шара барысында Білім беру басқармасының басшылығымен 110 млн теңге келтірілген залалдың 58 512 000 теңгесі кері қайтарылғаны туралы айтылды.
Яғни, сот үкімі бойынша 11 млн теңгеге бағаланған «Toyota Land Cruser Prado» маркалы және 2,5 млн теңгеге бағаланған «Hyundai Super Aero» маркалы микроавтобус автокөліктері, сондай-ақ шамамен 4 млн теңге екінші деңгейлі банктік шоттарындағы ақша қаражаттары мемлекетке қайтарылды.
Анықтама үшін: соңғы екі жыл ішінде (2018-2019 жж.) Департаментпен денсаулық сақтау саласында 25, білім беру саласында 68 қылмыс тіркелген.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда тұр. Осылайша, Мемлекет басшысының нұсқауларына сәйкес Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте алдын ала құрамдасты күшейтуде.
Біздің басты міндетіміз - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою. Тек осы жағдайда ғана біз ұзақ мерзімді оң нәтижеге қол жеткізе аламыз.