Құлсары қаласындағы №18 М.Сатыбалдиев атындағы орта мектепте орналасқан №102 референдум комиссиясы да бүгінгі маңызды науқанға сақадай сай екенін хабарлады.
Комиссия төрағасы Алтынгүл Амангелдіқызының айтуынша, референдумға дауыс беру үшін 1813 азамат келеді деп күтілуде. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да барлық жағдай жасалған. ІІІ ықшамаудан тұрғындарының көбі дерлік осы учаскеге тіркелген. Мұнда дауыс беру үшін азаматтарға барлық жағдай жасалғандығын жеткізді өз сөзінде.
Ерназ Ахметкәрімов