Барлау бөлімшелерінің жаттығулары өтуде

ken-zhyloi.kz

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу-жаттығу полигондарында күндізгі және түнгі уақытта әскерилердің қорғаныс, шабуыл және басқа да арнайы әскери әрекеттері бойынша рота-тактикалық жаттығулары өткізілуде. Оқу-жаттығулары барысында жеке құрамның дұрыс тактикалық іс-қимылдарына, қару-жарақты қолдану және бөлімшелердің атысын басқаруды шебер және тиімді ұйымдастыруға, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға басты назар аударылды.

- Жеке құрам тапсырмаларды штаттық және қосымша берілген қарулы күштердің барлық түрлерінен атыс жүргізу арқылы аяқтады. Әртүрлі қашықтықтағы нысаналар жойылып, қол гранаталары лақтырылып, түнде көру құрылғылары арқылы оқ атылды», - деді 41433 әскери бөлімі барлау взводының командирі лейтенант Рысбек Кучкаров.

Командирлер жаттығуларды ұйымдастырудың бастапқы мәліметтерін анықтау, оқу аймағын таңдау, барлау және дайындау, жауынгерлік құжаттарды әзірлеу дағдыларын жетілдіре алды. Жеке құрам жауынгерлік дайындықтың алғашқы кезеңдерінде алған білімдерін іс жүзінде бекітті. Барлаушы ротамен өтетін оқу-жаттығулар жауынгерлік дайындықтың ең жоғары және тиімді формасы болып табылады. Оның барысында бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігі артып, әртүрлі ұрыс түрлерінде барлау тапсырмаларын орындау дайындығы артып отырады.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT