Бар жақсылық – балаларға!

Аудан әкімі Жұмабек Байрақбайұлының жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы салтанатты түрде өтті. Шараға аудандағы барлық мектептерден 200 бала, ұстаздар және ата-аналар қатысты. Алдымен аудан әкімі Жұмабек Қаражанов сөз сөйлеп, барлығын жаңа жыл мерекесімен құттықтады:

- Біз келе жатқан жаңа жылдан жақсылық пен жаңа жаңалықтар күтеміз. Игі тілектермен жаңа жылға қадам басамыз. Жас бүлдіршіндерге денсаулықтарының мықты болуына, оқуда озат, зерек те білімді, тәрбиелі азамат болуларына тілектеспін. Жаңа жыл жаңа жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктерге толы болсын!-деді. Ал қайырымдылық шыршасына қатысқан балалардың атынан №1 мектептің оқушысы Шұғыла Айтуар аудан әкіміне алғысын білдіріп, робототехника үйірмесінің шәкірттері дайындаған ұшақты табыс етті.

Шарада балаларға арнап ертеңгілік қойылым қойылды. Аяз ата мен ақша қар да кештің ортасынан табылып, түрлі сыйлықтар үлестірді. Сондай-ақ тәттілер қойылған фуршет те қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай түсті. Оқушылар да өз өнерлерін көрсетіп, би билеп, ән шырқады. Әкім шыршасына келген әр қатысушы сыйлыққа кенеліп, қуанышты күйде тарады.

П.ҚИЗАТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT