Банктегі несие зейнетақы жинағы есебінен өтеле ме?

Сұрақ-жауап

Қайырлы күн! Материалдық жағдайымның ауырлығына байланысты мерзімі өткен және төленбеген екі несием бар. Айтыңызшы, бұл қарызды менің зейнетақы жинақтарымнан өндіріп ала ма?

Жоқ, өндіріп алу мүмкін емес. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 50-бабының 3-тармағына сәйкес салымшының (алушының) борыштары бойынша міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтеріне және зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе олардан өндіріп алуға жол берілмейді. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 98-бабының 14-тармағына сәйкес өндіріп алу салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарына қатысты қолданылмайды.

Садешова Галия,

Құлсары қаласындағы ҚКО бастығы

Атырау облыстық филиалы, "БЖЗҚ" АҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз