Балық шаруашылығы саласының ардагерлері де дауыс беруде

Бүгінгі саяси науқаннан тыс қалмауға тырысқан атыраулықтардың арасында балық шаруашылығы саласында еңбек еткендер де бар. Солардың бірі – Амержан Шауданов.
Ол облыстық халық шығармашылық орталығында орналасқан № 57 сайлау учаскесінде таңдауын жасады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Референдумның маңызы зор. Әрбір адам өз дауысын беріп,белсенділік танытуы қажет. Еліміздің, ұрпағымыздың болашағы үшін өзімнің учаскеме келіп дауысымды беріп отырмын, - қала тұрғыны А.Шауданов.

Жалпы №57 дауыс беру учаскесіне 1896 адам тіркелген.Мұнда 7 адамнан құралған комиссия жұмыс істеп жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT