Балық аулау ережесін бұзғандар әлі де бар

Ауданда қысқы балық аулау маусымы басталып, сүйікті ісімен айналысатын жергілікті балықшылардың қарасы көбейді. Оны Қамыскөл көлінен анық байқауға болады. Қар жамылған шақта мұз ойып, қармақ салған олардың бұл ісі күнкөріс деуге келмес. Өйткені биыл су деңгейі түсіп, сапасы да нашарлаған. Сәйкесінше, балық қоры азайып отыр. Сондықтан балықшылардың бұл тіршілігін я жай әуестік деп, я хобби деп қарастырғанымыз абзал. Өйткені қысқы балық аулау Жылыой жұрты үшін қалыпты тіршіліктің бір бөлігіне айналды.
       Бүгінде Жылыой ауданындағы 20-ға жуық көлді аймақ Теңіз балық инспекциясы мамандарының тұрақты бақылауында. Олар үшін бұл тек қызмет емес, табиғат алдындағы жауапкершілік. Өйткені соңғы жылдары Қамыскөлдің жағдайы да алаңдатарлық күйге түсіп отыр. Бұған тасқынның алдын-алу жұмыстарына байланысты өткен жылы Қамыскөлге Құрсай өзегінен су келмеуі себеп болып отыр. Соған байланысты биыл мұнда су деңгейі түсіп, сапа да нашарлаған. Сәйкесінше, балық қоры азайып отыр. Десек те мұнда жергілікті балықшыларға хобби ретінде сүйікті істерімен айналысуға кедергі жоқ. Бүгінде оларға тек шортан, мөңке, сазан сияқты балық түрлерін белгіленген мөлшерде аулауға рұқсат. Ал ұсақ шабақтарды аулауға қатаң тыйым салынған. Қазіргі таңда аудандағы 20-ға жуық көлді аймақ Балық инспекциясы мамандарының бақылауында. Ал заң талаптарын бұзғандарға тиісті шаралар қолданылараы анық. Бұл туралы Теңіз балық инспекция бөлімінің бас маманы Асхат Қалиев:
       -Әрине, көл экожүйесінің болашағы саналатын ұсақ шабақтарды аулауға қатаң тыйым салынған. Бұл тек талап емес, табиғи тепе-теңдікті сақтаудың басты шарты. Ереже бойынша ау құралы мен қолдан жасалатын «Хапуга»  
құралын да пайдалануға болмайды. Ол балық аулау ісінде өрескел қате болып саналып, бұл құралдарды па йдаланған тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 383 бап 1 бөлімімен хаттама жасақталады,-дейді өз сөзінде. 
      Ауданымыздағы 20-ға жуық көл осы Теңіз инкпекциясының бақылауында. Мұндағы мамандардың дерегіне сүйенсек, 2025 жылы Жылыой ауданында 27 құқықбұзушылық анықталған. Олардың 20-сы ҚР ӘҚБтК-нің 383 бап, 3 бөлімі бойынша әкімшілік іс ретінде аудандық сотқа жолданып, 17 тұрғыннан 935 816 теңге көлемінде айыппұл өндірілген. Ал 4 тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 383 бап, 1 бөлімі бойынша хаттама жасақталып, 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынған. Одан бөлек 25 дана ау тәркіленіп, оның 20-сы сотпен, 5-еуі Теңіз инспекциясы бөлімі арқылы өз шешімін тапқан. Бұл туралы толығырақ Теңіз балық инспекция бөлімінің бас маманы Асхат Қалиев тарқатып берді. Ол өткен жылғы қорытындыға көз тастап, балықшылар арасындағы құқықбұзушылықтың азаймай тұрғанын сөз етіп:
      -Теңіз жағалауларында заңсыз балық аулаған азаматтардың автокөліктері тәркіленіп, ауланған балықтары сот арқылы өз орындарына тапсырылды. Атап айтсам, қос бірдей автокөлік иелеріне қайтарылып, 11 дана ау құралы Жылыой аудандық полиция басқармасына, 209,5 кг қарабалық, оның ішінде, көксерке, тікенді балық, ақмарқа, сазан, берш балықтары «Тлекші» ЖШС-не және «Надежда» ЖШС-не тапсырылды. Одан бөлек 3 дана резин қайықтары бөлім қоймасы мен Жылыой аудандық полиция басқармасына берілді. Міне, өткен жылы осындай жұмыстар атқарылды. Әрине, бұл тек бір адамның қолынан келетін дүние емес. Сондықтан қашан да өз жұмысымызды тиісінше атқаруға тырысып бағамыз,-дейді ойын жеткізіп.   
     Иә, Теңіз балық инспекциясының мамандары бүгінде Исатай және Жылыой аудандарын қатар қамтып отыр. Исатай ауданында Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аумақтар бақылауға алынса, Жылыойда Маңғыстау мен Атырау облыстары арасындағы арнайы бөлінген аймақ жіті назарда. Бұл өңірдегі су айдындарын қорғауға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі десек те артық айтпаған болар едік. 
Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT