Жылыойда "Баланың бас ұстазы - ата-анасы" тақырыбында жиналыс өтті

Жас ұрпақ - біздің өмірімізді тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, үміт артар болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. «Адамның бір қызығы бала деген» деп Абай атамыз текке айтпаған. Бала ол – дербес тұлға.  Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары алдымен отбасында6 одан кейін мектепте бастау алады. Адамгершілік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата-анасы.

Тәрбиенің бір бөлігі - баламен жұмыс. Отбасыдан басталатын тәрбие мектеп өмірімен жалғасады.  Әр бала ес біліп, етек жиғанша әке-ананың қарауында болса, мектеп тәмамдағанша мектептің де басты қадағалауында болады. Осыған байланысты мектепте мұғалімдер оқушылармен жұмыстар жасауда. Аптаның сейсенбісінде облыстық білім беру басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 14 қазандағы №867 шығыс хаты негізінде аудандық білім беру ұйымының қолдауымен «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. О5ан қамқоршылық кеңестің, «келер мектебі мен Аналар мектебінің мүшелері, қоғам белсенділері мен құқық қорғау органы қызметкерлері қатысты. Жиында құқық бұзушылықтың алдын алу ,жасөспірімдерді зиянды заттардан қорғау, жастардың мінез-құлқындағы ауытқушылық ерекшеліктердің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Білім бөлімінің бекітілген кестесіне сәйкес ұйымдастырылған ата-аналар жиыны білі бөлімі басшысы А.Қақпанбаеваның бекітілген кестесіне сәйкес ұйымдастырылды.

А.Таубай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521