Онда аудандағы мүгедек, аз қамтылған 35 балаға киім-кешек пен жаңажылдық тәттілер таратылды.
Сондай-ақ іргеміздегі алып Теңіз кеніші де балаларды қуанышқа бөледі. Теңізшевройл Келешек Кеңею Жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы ұжымы көпбалалы, аз қамтылған, мүгедек 210 балаға киім-кешек және түрлі сыйлықтар алып берді. Ал "КОНСОЛИДЕЙТЕД КОНТРАКТОРС ИНЖИНИРИНГ ПРОКЬЮРИМЕНТ" мекемесі 20 отбасыға азық-түлік алып берді. «AGI-CDCS» Kazakhstan JV, «Юникстрой» компаниялары «Аружан» мейрамханасына шырша кешін ұйымдастырып, балаларға сыйлықтар таратты. Бөлім басшысы С.Камидолла ұсыныстарын қабылдап, қолдау көрсеткендері үшін барлығына ризашылығын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.
П.ШЫМЫРБАЙ.