Балалардың отпен ойнауынан сақ болыңыз!

Ендеше, олар жарақат алып, күйікке шалдықпауы үшін қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Балалар түрлі себептер бойынша өрт шығаруы мүмкін. Солардың бірнешеуіне тоқталсақ:

Кейбірі өздеріне назар аударту үшін өрт шығаруы мүмкін. Кейде өзге баланың әсерінен өрт шығаруы мүмкін. Кейбіреулері қауіпті ойындарға, оның ішінде өртеуге құмар келеді. Бала отпен ойнауға құмартпауы үшін не істеу қажет? Сіріңке мен тұтандырғышты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Балаларға жалын деген ойыншық емес, ол тамақ пісіріп, жылу беретін құрал екенін, мұны тек үлкен адамдар ғана пайдаланатыны туралы үйретіңіздер. Олардан сіріңке мен тұтандырғышты әперіп жіберуін сұрамаңыз. Үлкендерге қарап, олардың ісін қайталайтынын ұмытпаңыз. Балаларыңызды олардың тауып алған сіріңкелері мен тұтандырғыштарын сіздерге қайтарып беруіне үйретіңіз әрі мұндай жауаптылық көрсеткені үшін оларды мақтап қою қажет.

Отпен ойнау салдарынан болған оқиғаларды назардан тыс қалдырмаңыз, атап айтқанда, күйген киім, қалталарында жүрген сіріңкелер мен тұтандырғыштар. Балаларды үнемі қадағалау қажет, оларды тіпті аз уақытқа да жалғыз қалдырмауға тырысыңыз. Балалардың отпен ойнауынан сақтандыру шаралары: Естияр балаларға сіріңкені қалай пайдалануды үйретіп, оларға өрт қауіпсіздігі шараларын үйретіңіз.

Отты тек ересектерге ғана тұтатуға болатынын ескертіңіз. Кішкентай балалар сіріңкемен өздерінің жатын бөлмесінде ойнауы мүмкін екенін естен шығармаңыз. Өрт шыққан жағдайда дереу 101 нөмірі арқылы өрт сөндіру қызметіне хабарлау керек.

Н.Орысбаев,

Жаңа Қаратон кенті №9 ӨСБ қарауыл бастығы,

азаматтық қорғау лейтенанты

Сурет: ашық дереккөз

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика