Жылыой ауданы жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің ұйымдастыруымен, Жастар ресурстық орталығының қолдауымен "Балалар" жылы аясында "Құлшан ата" және "Ақмешіт" тарихи - мәдени орындарына экскурсия ұйымдастырылды.
Бала- біздің болашағымыз! Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді.
Балаларымызды Қазақстанның киелі жерлер географиясының картасына енген Ақмешіт қорымымен таныстырылды.
Осындай мақсатқа балаларды ізгілікке, еңбекке, патриотизмге тәрбиелеуге, елін -жерін құрметтеуге , өн бойына ұлы даланың өсиеттері мен қадір - қасиетін сіңіруге мүмкіндік жасайды.
Қай кездеде адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің ең бастысы - еліне қызмет ететін саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Экскурсияға қолдау көрсеткен "Жылыой тазалық" ЖШС директоры Б.Абдрахмановқа.
Жастар ресурстық орталығының директоры А.Едігеевке, "Құлсары мүгедектер" ҚБ Қ.Еңсеповке және ерікті Е.Қабақовқа бөлім басшысы Н.Сауытов алғысын білдіреді.