Балалар қуанған күн

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ 2022 ЖЫЛДЫ «БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» ДЕП ЖАРИЯЛАҒАНЫ АЯН. ОСЫҒАН ОРАЙ, АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ҚОСШАҒЫЛДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ИНТЕРНАТТА ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРГЕ АРНАП ТОСЫНСЫЙ ЖАСАЛЫП, СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫС ЕТІЛДІ.

Балаларға арналған игі іске аудан әкімі Халел Жамаловтың өзі бас болып, аталған мектеп-интернатқа арнайы барды. Аудан басшысымен бірге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Г.Айшуақова, аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы А.Едігеев те бірге барды.

Интернат тәрбиеленушілерімен кездескен әкім балалардың арман-тілегін тыңдап, жүрекжарды жылы лебізін білдірді. Олардың болашағынан зор үміт күтетінін айрықша атап өтті. Кездесу соңында Халел Жамалұлы балаларға арнайы алып келген мектеп құралдары, ертегі кітаптары мен тәттілер салынған қораптарды табыстады. Балалар да аудан басшысына және ізгілікті шараны ұйымдастырушы аға-апаларына арнап кішкентай жүректен шыққан алғысын жаудырды.

Айта кетейік, қазіргі таңда №2 мектеп жанындағы интернат қабырғасында аз қамтылған отбасынан шыққан 30-дан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Олар мемлекеттің шынайы қамқорлығында.

Ш.ХАМИТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521