Балаңыз қараусыз қалмасын!

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!
Соңғы кездері бүлдіршін балалардың көпқабатты үйдің терезесінен құлап кету деректері жиілеп кетті. Сондықтан ата-аналар мен ересектерді төмендегі сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз:

• Пәтердің терезесін ашпас бұрын балаңыздың терезеден алшақ жерде жүргеніне назар аударыңыз.

• Бөлмені желдету үшін форточканы ғана ашыңыз;

• Балаңызға үлкендердің қарауынсыз балконға шығуына рұқсат етпеңіз.

• Пәтерде ұйықтап жатырған баланы жалғыз қалдырмаңыз.

• Терезенің алдына жиһаз қоймаңыз.

• Балаңызға терезенің қалай ашылатынын көрсетпеңіз. Өз бетінше терезе ашуды қаншалықты кеш үйренсе, соншалықты өмірі де қауіпсіз болмақ.
Ата-ананың балаларына аса көңіл бөліп, көзінен таса қылмауы қайғылы жағдайдың алдын алады. Есіңізде болсын, балаңыздың денсаулығы мен өмірі өз қолыңызда!
Жылыой аудандық төтенше жағдайлар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз