Балаларға тарту: жаңа ойын алаңы бой көтерді

ken-zhyloi.kz

Өткен аптада  Құлсары қаласындағы "Автожолшылар" ықшамауданы тұрғындары үшін қуанышқа толы күн болды.

- Бұл игі істі ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Теңіз кенішіндегі ірі компанияның бірі - "ССЕР" компаниясы қолға алды. Компания басшылығына құлсарылықтар атынан алғыс айтамыз, - деді Құлсары қаласы әкімі Ернар Ысмағұл.

Сонымен қатар, қала әкімі ықшамаудан тұрғындарын балалар ойын алаңына ұқыптылықпен қарауға шақырды.

14072021

 - "ССЕР" компаниясы Жылыой ауданы тұрғындарына әрдайым көмек қолын созып келеді. Компания пандемия басталғанда алғашқылардың бірі болып көмекке келіп, халықтың осал тобындағыларды ыстық тамақпен қамтыған еді. Әртүрлі мерекелерге орай азық-түлік сертификаттарын үлестіру жолға қойылған. Биыл компания Жылыой ауданы әкімдігімен бірлесе атқарған жұмыстар арқасында осындай ойын алаңын салуға қаржылай демеушілік көрсеткен болатын.

Балалар - біздің болашағымыз. Балаларымызға жарқын болашақ тілеймін, - деген лебізін білдірді  "ССЕР" компаниясының атқарушы директоры Орақ Бисембиев. 

Ж.Жеткізгенқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз