Балаларға арналған «Базарлық» кітабы

Балаларға арналған өлең жазу қиынның қиыны екені белгілі. Кейде балабақшадағы бүлдіршіндерге үйден жаттап келуге берілген тақпақтарды оқысаң, бала тұрмақ өзің қақалып-шашалып, тілің күрмеліп қалады. Тілі күрделі, ұйқасы кедір-бұдыр, ойы ауыр. Соған қарағанда, бізде балаларға арналған кітаптар өте аз-ау деп ойлайсың.

Қаламгер Болат Дәулетовті осы олқылықтың орнын толтырып жүрген бірден-бір ақын деп айтуға болады. Ол балаларға арналған өлеңдерінде тәрбиелік мәні зор, ата-бабамыздан қалған дариядай ақыл мен нақылды айналасы жұп-жұмыр бір шумаққа сыйғызып, ұғынықты жазуда шеберлігін танытып жүр. Ақын өлеңдерінің мектеп оқулықтарына енуі - осы сөзіміздің дәлелі. Ал «Мейірім», «Шуағым», «Тағылым», «Сыр мен жыр» атты балаларға арналған кітаптары бұл ойымызды тарқата түсер еді.

Жақында ақын балаларға арнап тағы бір тарту жасады. Өткен аптада мәдениет үйінде «Базарлық» атты танымдық кітаптың тұсаукесері болды. Кештің тізгінін ақын Бүркіт Базарбаев ұстап,әуелі, қаламгерді көпшілік жұртқа таныстырып өтті.

Мұнайшы отбасында туған қаламгер 1977 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 1985 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. 1977-1983 жылдары Гурьев облысы «Ембі» аудандық газетінде тілші, 1985-1986 жылдары аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1986-1998 жылдары аудандық «Кең Жылой» газетінде бас редактор, баспахана директоры болған. Болат Дәулетов - аудан газетінің атауын «Кең Жылой» деп өзгертуге атсалысқан, сондай-ақ тоқырау жылдарында басылым мен баспахананы қиындықтан алып шыққан шебер ұйымдастырушы да.

Толығырақ «Кең Жылой» газетінде

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT