Балаңыз түнде беймезгіл жүрмесін

Тамыз айының 27-сі мен қыркүйектің 5-і аралығында ауданымызда «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып, қаламыздағы ойын-сауық орталықтарына, базар, вокзал, компьютерлік ойын клубтары, көпқабатты үйлердің төлелері мен шатырларына рейд жүргізілді.

Оған «Жас Отан» Жастар қанаты, аудандық прокуратура, білім бөлімі қызметкерлері жұмылдырылып, нәтижесінде кәмелетке толмаған 86 бала ұсталды.

-Түнгі сағат 22.00-ден 06.00 аралығында ойын-сауық орталықтарында жүрген 3 балаға ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігімен әрқайсысына 3607 теңге 50 тиыннан әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ түнгі уақытта ата-анасыз жүрген 43 жасөспірімге ескерту жасалды. Ұсақ бұзақылық жасаған 6 жасөспірімнің ата-анасына қатысты толтырылған әкімшілік хаттамалар сотқа жолданды, - дейді аудандық ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер полиция қызметінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы Смадияр Сыдықов.

Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторларымен өз міндеттерін орындамайтын, керісінше, балаларына теріс тәрбие көрсетіп жүрген 2 ата-ана және құқық бұзушылық жасағаны үшін 3 жасөсіпірім ішкі істер бөлімінің профилактикалық есебіне алынды.

П.ҚИЗАТОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521