Бала құқын қорғау - басты міндет

Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Оны аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Әнуар Шәкіров ашып, жүргізіп отырды. 2020 жылы атқарылатын жұмыс жоспары бекітілді. Комиссия мүшелері өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Ауданымыздағы колледждер мен мектеп оқушылары арасында атқарылатын жұмыс жоспары талқыланды. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, суицидтің алдын алу туралы талқыланды. Сонымен қатар үйде тәрбиеленіп жатқан мүмкіндігі шектеулі балалардың да құқының шектелмеуі қажеттігі айтылды. Бүгінде ауданымызда осындай 63 бала бар. Оқушы балалардың бос уақытын тиімді өткізу, олардың жат ағымның жетегіне кетпеуі мен нашақорлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу жоспарға енгізілді.

kdn1

Өзекті мәселенің бірі - жасөспірімдердің түнгі мезгілде ата-ананың қарауынсыз көшеде, немесе мейрамхана мен кафелерде жүруі. Мұндай жағдайлар комиссия мүшелері өткізген рейд кезінде анықталды. Жасөспірімдер мейрамханаларда даяшы боп жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта тойлар уақытынан кешігіп басталатындықтан, олардың түн ортасына дейін, кейде таңға дейін жұмыс жасауларына тура келеді. Осы мәселе комиссия назарынан тыс қалмады. Сондықтан алдағы уақытта ауданымыздағы мейрамхана иелері, асабалар, жалпы той бизнесіне қатысы бар кәсіпкерлердің басын біріктіріп, жиналыс өткізу ұсынылды.

Қ.Дүйсенбетов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521