Бала қауіпсіздігі - ата-ана жауапкершілігі

#БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ

Жаз мезгілінде балалардың каникулы болғандықтан бос уақыты көп болады. Ал олардың бос уақыты кезінде ата-аналар балалардың қауіпсіздігіне екі есе мұқият болған абзал.  

Көп қабатты үйлерде ашық терезе үйдегі ең қауіпті жерлердің бірі. Әсіресе, балалар жаз мезгілінде биіктіктен төменге көп үңіліп, терезеден қызығып достарын қарайды. 

Сондықтан, құрметті ата-ана! 
Үйде кішкентай балаларыңызды қараусыз қалдырмай, барлық жиһаздарды терезе алдынан алшақ орналастырыңыз. Бала қауіпсіздігі үшін терезеде темір торлардың болғаны жөн. Бала терезені өз еркімен аша алмау үшін терезеге арнайы бекіткіштер орнату қажеттігін естен шығармаңыз. 

Балалардың қауіпсіздігі үшін үйдегі бұзылған электр құралдарын қолданбаңыздар. Тамақтану кезінде балалардың ас үйде күйіп қалмауын және газ құбырлары мен тұрмыстық электр құралдарын пайдалануда мұқият болғаныңыз абзал. 

Сондай ақ, балаңыздың ойын алаңына шыққан кездегі қауіпсіздігін жіті қадағалаңыз. Көп жағдайда тал теректер мен көліктердің тасасынан көрінбей, баланың жүгіріп шығу салдарынан неше түрлі оқыс оқиғалар орын алуда. 

Атырау қаласының өзінде күніне неше түрлі оқыс оқиғаға тап болған 100-ге жуық бала дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. 
Құрметті ата-ана, өзгелердің бұл қателігін қайталамаңыз! екенін білгеніңіз абзал!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT