Бақылау нені көрсетті?

Жылыой ауданында 14 камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар белгіленген мерзімде орындалмаған. Кодекстің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес 14 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, барлығы 724,5 мың теңгеге айыппұл салынып, толықтай бюджетке өндірілген.

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылауды жүзеге асырады. Оның мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және жол бермеу, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын мемлекеттік аудит объектісіне беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

Камералдық бақылауды мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелеріне сәйкес әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен мемлекеттік аудит объектісіне бармастан, тұрақты негізде жүргізеді. Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалғанға дейін жүргізіледі. Содан кейін бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік аудит жүргізіледі.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны ресімдейді, мемлекеттік аудит объектілеріне жібереді және веб-порталда автоматты түрде тіркейді. Хабарлама бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде веб-портал арқылы мемлекеттік аудит объектісіне жіберіледі. Ол мемлекеттік аудит объектісіне жеткізілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындайды.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды мемлекеттік аудит объектісіне хабарлама жеткізілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде дербес жойған жағдайда, лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

Жалғас БУКАЕВ, Атырау облысы бойынша

ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT