Бақылау бар жерде береке бар

Жақында «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» деген нақылды негізге алған облыстық мәслихат депутаттары Мейрамбай Базарбаев, Сағидолла Құлғалиевтер бастаған топ ауданымыздағы мал сою пункттерінің ветеринарлық-санитарлық жағдайын бақылады.

Аталған топ құрамында облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ғалымбек Бисенғалиев, аудандық ветеринариялық бөлімінің басшысы Данияр Айтпенбет, аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандары болды. Олар ауданымызда орналасқан «Азамат» мал сою алаңы, «Турениязов» пен «Сисекенов» жеке кәсіпкерлігі, «Атырау–Сауда» ЖШС-ын аралады. Бақылау кезінде кәсіпкерлердің мал сою пункттерінің талапқа сайлығына мән берілді. Сонымен қатар кейбір мал сою пункттерінде анықталған кемшіліктерді жою керектігі ескертілді.

Қ.Дүйсенбетов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз