Есіктің тұтқалары арнайы залалсыздандыру дәкесімен оралмаған.
Елімізде короновирус дертіне байланысты төтенше жағдайдың орын алынуына байланысты «Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы төрағасы мен мүшелері, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімімен бірлесіп, ауданымыздағы сауда орындарына бақылау жүргізді.
Бақылау кезінде тұрғындардан орталық базар маңындағы бір көтерме азық-түлік дүкенінде бағаны негізсіз өсіріп отырғаны туралы ауызша шағым айтылды. Аталған сауда орнына барғанымызда дүкенде шектен тыс бағаның өскені, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталмай отырғаны анықталды.
Атап айтқанда, наубайханалық өнімдердің беті ашық тұр. Есіктің тұтқалары арнайы залалсыздандыру дәкесімен оралмаған.
Анықталған кемшіліктерге орай комиссия төрағасы учаскелік полицияға хабарласып, фото және бейнежазбаға түсірілді. Кәсіпкерге заң шеңберінде шарасы алынып, жауапқа тартылатын болып шешілді.
Партиялық бақылау комиссиясы