«Біз біргеміз» акциясы аясында

Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде демеушілік танытқан жандарға алғысымызды білдіреміз

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Біз біргеміз» атты республикалық акция Жылыой ауданында да ұйымшылдықпен өтуде.

Жылыой аудандық әкімдігі, «Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандағы кәсіпкерлердің, Теңіз кенішіндегі мекемелердің, аудандық мәслихат депутаттарының демеушілігімен 7 санат бойынша тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, мүгедек жандарға және жалғызбасты қарттарға тегін медициналық маскалар, антисептикалық құралдар мен қажетті азық-түліктер тегін таратылды.

«Елімізде жарияланған төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында өткізілген акцияға қолдау көрсетіп, демеушілік танытқан жандарға алғысымызды білдіреміз»,- «Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалы.

С.Тәжіқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз