Жылыой ауданы әкімі Азамат Бекеттің аудан халқына үндеуі
Құрметті Жылыой ауданының тұрғындары!
2020 жылғы 29 наурыздағы Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қабылдаған №8 қаулысы бойынша Атырау қаласы аумағында карантин жарияланды. ⠀ Атырау қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған адам саны 12. Жылыой ауданы әкімдігінде 4 жұмысшы топ құрылып, сақтық шаралары атқарылуда.
⠀ ҚР Президентінің Жарлығының нұсқамасына сәйкес аудан бойынша 330 нысанға хабарлама таратылып, төтенше жағдай режимін бұзған 10 нысанға әкімшілік хаттама толтырылды. ⠀ Теңіз кенішіндегі түнгі клубтар, сауда дүнгіршіктері, кинотеатрлар, фитнес залдары, адамдар көп жиналатын ойын-сауық орындары мен нысандардың жұмыстары тоқтатылды.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Теңіз кеніші, Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті және 5 ауылдық округтеріндегі халық көп шоғырланатын жерлерге санитарлық және дезинфекциялық жұмыстары күшейтілді. ⠀ Ауданда 2 Провизорлық стационары бар.
Қазіргі таңда «Құлсары-Бейнеу» бағытындағы жолда санитарлық тексеру бекеті орнатылуда, ал «Құлсары-Атырау», «Құлсары-Ақкиізтоғай» және «Құлсары-Теңіз» бағыттары бойынша санитарлық тексеру бекеттері іске қосылуға дайын. ⠀
- ⚠️ Төтенше жағдайға байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі төмендегідей іс-шараларды қабылдады. ⠀
- ? Атырау қаласына және басқа да аудандарға қатынайтын автобустар мен такси көліктерінің жүрісіне шектеу қойылды.
- ? Атырау қаласынан қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмек тасымалдау тек әкімдіктің рұқсат қағазымен ғана жүзеге асырылады.
- ? Банкет залдар, тойханалар, кафе-мейрамханалар, ойынханалар, спорттық кешендер, асханалар, моншалар, сұлулық-салондарының жұмыстары уақытша тоқтатылды.
- ? Кіші аяқдоп және балаларға арналған ойын-сауық алаңдарында ойнауға тиым салынады.
- ? Адамдар көп жиналатын демалыс орындары, саябақтар, балабақшалар, Құрсай жағалауындағы жаяу жүргінші жолдары жабылады.
- ? Ішкі қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты кешкі сағат 18:00-ден кейін шектеледі.
- ?Құлсары қаласындағы өндірістік мекемелер мен халыққа қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлердің жұмысына шектеу қойылады.
- ? Бірінші сәуірден бастап Теміржол жолаушылар тасымалы пойыздарының жүрісі тоқтатылады.
- ✅ Азық-түлік базарлары мен дүкендері және дәріханалар жұмыстарын жалғастырады. ⠀
Құрметті жылыойлықтар! ⠀
Осындай қиын кезде бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз қажет. Қазіргі әлеуметтік желілердегі жалған әңгімелерге сенбей, ресми ақпараттарға ғана сеніңіздер. Жалған ақпарат тарататындар жауапқа тартылады.
? Қазіргі таңда Жылыой ауданында ешбір коронавирус жұқтыру фактісі тіркелген жоқ. ⠀ Пандемиядан сақтанудың бірден-бір жолы - үйде болу. Балаларыңызды сыртқа шығармай, үйде болуларыңызды сұраймын. Отбасылық іс-шараларды, яғни туған күндер, көрісу, құдалық сияқты дәстүрлерді мүлдем өткізбей, кейінге қалдырыңыздар. Вирусты жұқтырмау үшін көпшілік жерге бармаған дұрыс. ⠀
Бәріміз бір адамдай біріксек қана індетті жеңеміз!
Жылыой ауданы әкімі Азамат Бекет.