Бүгінде ауылдастарымыздың жергілікті әкімдіктің телеграмм чаттарына "ана жерде қоқыс, мына жерде сындырыпты, бүлдіріпті" деген жазбаларынан көз сүрінеді. Пандемия кезінде біраз адамның жұмыста емес үйде екенін ескерсек, ұсақ-түйек қатайтатын, түзеп жіберетіндерді өзіміз үшін, балаларымыз үшін жасап жіберсе, қолға жұғып кетпейді. Қайта халықтың алғысына бөленер еді-ау...
Құлсарыда Барлаушылар (Разведка) деп аталатын ықшамаудан бар. Айтпағым, сол жердегі футбол алаңының іші-сыртының қоқысын, айналасының шөптерін шауып жинап, тап-тұйнақтай қып қойыпты маңайдың балалары. Ойын алаңының таза болып тұрғаны, әлбетте, ең алдымен өздеріне жақсы емес пе?!
Бәрекелді!
Жарайсыңдар, балалар!
Ж.Жеткізгенқызы