Бөлімде жаңа басшы

Жылыой ауданының әкімі Халел Жамаловтың өкімімен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болып Еркебұлан Сайлаубайұлы Аққұсов тағайындалды.

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Жантөре Рашев жаңа бөлім басшысын ұжымымен таныстырып, алдағы тұрған міндеттерді атап өтіп, жұмысына сәттілік тіледі.

Еркебұлан Аққұсов 1982 жылы Атырау облысы Жылыой ауданында туған. Білімі жоғары, 2005 жыл - М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын кеден ісі, 2012 жыл- Атырау инженерлік - гуманитарлық институтын құрылыс мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілін 2004-2005 жылдары Жылыой аудандық күрделі құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде қоғамдық қызметкер болып бастайды.

2005 - 2006 жылдары «Сенімді құрылыс» ЖШС-інде кеден бөлімінің кеңесшісі болып еңбек етеді.

2006 - 2008 жылдары «Транс» ЖШС-інде теміржол диспечері болып қызмет атқарды.

2008 - 2010 жылдары аралығында Құлсары қаласы әкімі аппаратында бас маманның міндетін уақытша атқарушы және бас маман қызметінде жұмыс атқарды.

2010 - 2011 жылдары Майкөмген ауылдық округі әкімі аппаратында округ әкімі лауазымында болған.

2011 - 2018 жылдары Құлсары қаласы әкімі аппаратында қала әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз