"БҰЛ - МЕНІҢ АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫМ"

"Бүгін тарихи сәтте мен өз таңдауымды жасадым. Байқасам, бұл жерге келген жандардың қабақтары ашық, жүздері жарқын. Мұның өзі халықтың сайлауға деген жауапкершілігі мен сенімін аңғартады. Бүгінгі сайлау жаңа ережеге сәйкес жаңа Қазақстанды қалыптастыруда, әділетті Қазақстанды жасақтауда өтіп жатыр. Сайлаушылардың, халықтың тілегі мен үмітін іске асыруға бағытталған шара. Себебі, бір ай бойы депутаттыққа үміткерлер елдің арасында болып, бағдарламаларымен, платформаларымен бөлісті, жұртшылықтың ойларын тыңдады.

Бүгінгі науқан саяси реформаның іске асуы деп ойлаймын. Жаңа азаматтар халықтың мүддесінен туындаған мәселелерді іске асыратындығына сенемін. Еліміздің болашағы үшін, жаңа, әділетті Қазақстан құруға өз даусымды бердім. Мен оң өзгерістерді қолдаймын. Ел ертеңін ойлаған әрбір тұрғын сайлау науқанына қатысуы тиіс" дейді дауыс беруге келген ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Бақтыбек Таубаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT