Бүгіннен бастап кіші аяқдоп алаңдары жабылды

Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында Төтенше жағдай енгізу» туралы Жарлығының нұсқаулығына сәйкес төмендегіні хабарлаймыз: ⠀

Елде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты және жұқпалы аурудың таралмауын алдын алу мақсатында 2020 жылдың 28 наурызы мен 15 сәуір аралығында аудан бойынша орналасқан кіші аяқдоп алаңдары уақытша жабылады.

⠀ Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әрбір азамат барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы керек. ⠀

Ескерту: аталған талаптар сақталмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолданылады.

ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT