Бүгін «Болашаққа бағдар» аллеясы ашылды

Рәсім 23 маусым - мемлекеттік қызметші күніне орайластырылды.

Аллеяда әйнектен жасақталған стендтер мен мемлекеттік қызметке жаңадан келген қызметшілердің ашық аспан астында ант қабылдауына арналған алаңы бар. Әйнектен жасалған стендтерде еліміз тәуелсіздік алған кезден бері мемлекеттік қызметті дамытудың маңызды үш кезеңі қамтылып отыр. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен транспаренттілігінің көрінісі сипатталады.

Аллея «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшінің еңбегін ұлықтау үшін ашылған. Сонымен қатар аудан тұрғындарының сапалы әрі қолайлы қызмет алу үшін "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі" алаңы бар.

- Сіздерді Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Бүгінгі күннің игі бастамасының болашаққа берері мол. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ғана еліміз табысы мол, гүлденген мемлекетке айнала алады. Барлықтарыңызды бүгінгі Аллеяның ашылуымен және кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, шын жүректен зор денсаулық, бейбітшілік, отбастарына амандық, қызмет ету жолындағы адал еңбектеріне сәттілік, мемлекеттік қызметші деген абыройлы атаққа үнемі лайықты болуларына тілектеспін,- аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Қондыбаев.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521