Азық-түлік бағасы жіті бақылауда

Бұдан былай тұрғындар бірінші тұтынатын азық-түлік бағасының өсіміне куә болған жағдайда жауапты мамандарға жазбаша шағым қалдыра алады, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірдегі азық-түліктің негізсіз өсімін қадағалауға қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі жауапты. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде халық жиі тұтынатын 9 түрлі азық-түлік өніміне шекті баға қойылған. Тоғыз тауар түріне 1 сортты бидай ұны, бөлке нан, өлшеніп салынған макарон, қарақұмық жармасы, күріш, сиырдың төс еті, тауық жұмыртқасы, күнбағыс майы мен ас тұзы кіреді.

- Қазіргідей жағдайда кәсіпкерлердің жоғарыда атап өткен азық-түліктің 9 түрінің бағасын көтеруге құқығы жоқ. Шекті бағадан асырар болса, жауапты мамандар тексеріс жүргізіп, тиісті шара қабылдайтын болады, - деді Қайрат Оразбаев.

Еске сала кетейік, азық-түлік бағасының өсіміне байланысты тұрғындар 8 701 730 0222 және 8 701 774 4484 Whats'App нөміріне жазбаша шағым қалдыра алады.

Сонымен қатар, DOSMART.KZ   осы сайты арқылы да  азық-түліктің бағасының өсімін хабарлай алады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика