«Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес».

Мақсатымыз - қауіпті вирустың таралуының алдын алу

Құрметті жылыойлықтар, қадірлі жерлестер!

Әлемдік індет – коронавирустың біздің ауданымызда кеңінен таралуына және оның арты қайғылы жағдайларға әкеліп соғуына байланысты сақтық шараларын күшейтуіміз қажет.

Көпшілік қатысатын іс-шараларға тыйым салынды. Бұның бәрі халықтың денсаулығы, елдің амандығы үшін жасалып отыр.

Алайда, ауданымызда орналасқан тойхана иелері қазіргі еліміздегі жағдайды біле тұра заң талаптарына бағынбай, көпшілік қатысатын шараларға (қыз ұзату, үйлену той) тапсырыс алып той өткізуді, тапсырыс қабылдауды доғарар емес.

Аудан тұрғындары арасынан карантиндік шектеулерге бағынбай отбасылық шараларды (келін түсіру, қыз ұзату) ұйымдастыруын әлі де тоқтатпауда. Өз кезегінде тұрғындарда отбасылық шараларды (қыз ұзату, үйлену той) кейінге қалдыру қажет.

Той-томалаққа, адам көп жиналатын жерлерге бармау – өз өміріңді сақтау, өзгенің өміріне қауіп төндірмеу екені естеріңізде болсын.

Бүгінгі күні Жылыой аудандық коронавирус инфекциясына қарсы стационарында 36 тұрғынға көмек көрсетілуде, оның ішінде жасанды желдету аппаратында 4 адам және коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күннен-күнге өсуде.

Жоғарыда аталған тұрғындардың коронавирус инфекциясын отбасылық шараларда жұқтыруы орын алған. Өкінішке орай беделді, белгілі тойхана иелері той-думандарға тапсырыс алып, коронавирус инфекциясын ауданымызда көбеюіне үлестерін қосуда. Тәртіпке бағынбай тұрғындардың вирус жұқтыруына әрбір кәсіпкер және тұрғындар да жауапты.

Мақсатымыз — қауіпті вирустың таралуының алдын алу. Сақтансаң сақтайды! Бұл вирусты жеңудің төте жолы — коронавирус инфекциясына қарсы екпені алу.

Сондықтан енгізілген шектеулерді әрбір кәсіпкер, әрбір азамат түсіністікпен қабылдайды деп сенемін. Бәріміздің азаматтық жауапкершілігіміз осындай сәтте сыналады. Сондықтан тәртіпке бағынып, отбасылық шараларды уақытша тоқтатуымызға тура келеді.

Құрметті жерлестер!

Бұл тек біздің өңірде ғана емес, елімізде және дүниежүзі бойынша қабылданған ортақ шешім екенін дұрыс түсінуіміз керек. Ендеше аудан тұрғындарын, соның ішінде кәсіпкерлерді ауданымызда енгізілген карантиндік шектеулерді қатаң ұстануға шақырамыз. ​​​​​​​​

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT