Азаматтық жауапкершілікті айшықтайтын мереке

Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасы бойынша 2005 жылдан бастап әр жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісі Дүниежүзілік сайлау күні болып белгіленді.

Бұл күн – демократиялық қоғамның басты құндылықтарын дәріптейтін, әр азаматтың еркін таңдау жасау құқығы мен азаматтық жауапкершілігін айшықтайтын маңызды мереке.

Осы орайда аудан сайлаушыларының белсенділігі мен саналы ұстанымы – ел дамуының берік негізі болса, ал сайлау процесіне жауапты мамандардың адал еңбегі сайлаудың ашықтығы мен әділдігінің кепілі екендігін атап өткім келеді.

 Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының атынан барша сайлаушылар мен барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелерін ақпан айының бірінші бейсенбісінде аталып өткізілетін Дүниежүзілік сайлау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Зәуре Қалмұханова,

аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT