Азаматтық процестегі прокурорлардың рөлі

Сот

Сотта мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Өткен жылы прокурорлар соттармен қаралған 20 мыңнан астам азаматтық және әкімшілік істерге қатысты.
Прокурорлардың өтінішхаттары мен наразылықтары бойынша 313 сот актісі, оның ішінде 60 – Бас Прокурордың наразылықтары негізінде заңға сәйкестендірілді. 34,9 млрд теңгеге мемлекеттің мүддесі қорғалды.
Прокурорлардың актілерімен олигополияға заңсыз берілген мүлік мемлекетке қайтарылды, бизнестің мүдделері мен азаматтардың құқықтары қорғалды.
Мәселен, Бас Прокурордың 18 наразылығы бойынша мемлекетке магистральдық теміржолдар қайтарылды, 21,1 млрд теңгеге бюджет шығындарының алды алынды.
Прокуратураның араласуынан кейін Жоғарғы Сот бизнесмен О.К. Шадиевті 15 млрд теңгеден астам қарыз сомасын Ұлттық Банкке қайтаруға міндеттеді.
Жоғарғы сот сатысы арқылы «Жайықмұнай» ЖШС-ны шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін 580 млн теңгеден астам айыппұлды бюджетке төлеу туралы Энергетика министрлігінің хабарламасының заңдылығы дәлелденді.
Кәсіпкерлердің мүдделері үшін прокурорлардың актілері негізінде 9 сот актісі, соның ішінде 7 – Бас Прокурордың наразылығымен қайта қаралды.
Мысалы, Жоғарғы Сот «Стройастес» ЖШС-ға 859 млн теңгеге салықтарды есептеу туралы негізсіз хабарламаны бұзды.
Тағы да бірқатар істерге қатысты Бас прокуратураның наразылығымен жер, тұрғын үй заңнамасы саласындағы азаматтардың құқықтары қорғалды.
Нәтижесінде, прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде азаматтық және әкімшілік істер бойынша бірыңғай сот тәжірибесі қалыптасты.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.


 
Бас прокуратураның баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT