Азаматтардан заңсыз сақталған қаруларды сатып алу акциясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУІ

Заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардан сатып алу

АКЦИЯСЫ

Атыс қаруларымен, оқ-дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын-алу үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың сәуір айының 20-нан бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жүргізіледі. Мемлекет, азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қарулар мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгілеп отыр.

- иір ойықты автоматтарға – 291700 теңгеге дейін

- иір ойықты винтовкалар мен карабиндерге – 145850 теңгеге дейін

- иір ойықты пистолеттер мен тапаншаларға – 116680 теңгеге дейін

- тегіс ұңғылы атыс қаруларына – 87510 теңгеге дейін

- жарақат салатын қарулар – 29170 теңгеге дейін

- әрбір граната, мина, жару құрылғысы және артиллериялық снаряд үшін – 20419 теңгеге дейін

- жарылғыш заттардың әрбір 1000 грамы үшін – 17502 теңгеге дейін

- иір ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін – 83,34 теңге.

Бұл заттарды аймақтық ішкі істер бөлімдері қабылдайды. Заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еріктерімен тапсырған азаматтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі азаматтардың зақым немесе жарақат алуын болдырмау мақсатында табылған және анықталған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай, кез-келген полиция бөлімдеріне немесе «102» телефонына хабарлауын сұрайды.

ҚР ІІМ Сіздердің осы үндеуді қолдайтындарыңызға сенім білдіре отырып, жайсыз жағдайлардан сақтану үшін заңсыз сақталған атыс қаруларын ерікті түрде тапсыру бойынша тез арада шешім қабылдауға ұсыныс жасайды.

МЕРЗІМ ӨТЕ ТЫҒЫЗ!!!

Мына телефондарға немесе келесі мекен-жайларға хабарласуларыңызға болады:

Жылыой ауданы полиция бөлімі

(Құлсары қаласы, Бисенқұлов көшесі №47)

тел: 102, 5-04-96

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521