Бүгінгі техника мен байланыс құралдарының дамуымен жеке адамдар арасындағы, ұлтаралық, мәдениетаралық байланыс еш кедергісіз, саяси немесе экономикалық шектеуді елемей, табиғи жолмен еркін өріс алуда.
Сондықтан өзге жұрттың тілі мен мәдениетін игеру, онымен етене араласа білудің маңызы бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтеріліп отыр. Кітап тілшілерге, дипломаттарға, әлеуметтанушыларға, психологтар және мәдениеттанушыларға, сондай-ақ, қызметі мен күнделікті өмірде ұлтаралық және мәдениетаралық коммуникация мәселелерімен бетпе-бет келетін көпшілікке арналады.
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық. Клаус Шваб. «Төртінші индустриялық революция» ⠀
Біз бүгін баршамыздың өмірімізді де, жұмысымызды да, күнделікті қарым-қатынасымызды да түбегейлі өзгертетін алапат индустриялық революцияның бастауында тұрмыз. Бұл төртінші революция ауқымы, қарымы мен күрделілігі революция жағынан да осы уақытқа дейінгі адамзат тарихындағы құбылыстардың барлығынан асып түседі. Бұл кітап адамзаттың ортақ болашағы үшін алаңдайтын және революциялық технологияларды қоғам тіршілігіне икемдеуге ниетті жасампаз ортаға арналған.
«Тіл біліміне кіріспе»
Атауы айтып тұрғандай, «Тіл біліміне кіріспе» деп аталатын бұл кітап келешек филолог мамандарға, шет тілі филологиясында оқитындарға, жалпы оқырман қауымға лингвистика ғылымы жөнінде алғашқы мағлұмат беруді көздейді. 12 тараудан тұратын кітапта тіл ғылымы, фонетика, грамматика, морфология мен синтаксис мәселелері баяндалады. Мұнда тіл және тілді пайдалануға қатысты көкейкесті мәселелерге де жауап табылады. Кітап тілші ғалымдарға, ағылшын тілін үйренушілерге, филология факультетінің студенттері мен оқытушыларына және тіл біліміне қызығатын жалпы көпшілікке арналған.
Карен Армстронг «Құдайтану баяны»
Санамыздағы бір Құдайға деген сенім қайдан келіп орнықты? Адамзаттың Жаратушы туралы түсінігі қалай өзгеріп отырды? Жаратушыны әлемдік үш ұлы дін – яхудилік, христиандық пен ислам – қандай сипаттарымен таныды? Бұл үш дін бір-біріне қалай ықпал етті? Автор осы сауалдарға жауап іздеп, тамаша ғылыми зерттеу жасаған: бір кітаптың шеңберінде монотеизмнің тұтас тарихын қамтыған – Ыбырайымнан біздің заманымызға, антикалық философиядан ортағасырдағы мистицизмге, Қайта өрлеу мен реформашылық дәуірдегі рухани ізденістерден қазіргі заманғы скептицизмге дейінгі Жаратушының тану тарихын баян еткен.
Дональд Куратко. «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика»
Бұл кітап ХХІ ғасырдағы экономикалық, қоғамдық жəне əлеуметтік дамудың басты қозғаушы күші болып саналатын кəсіпкерлік құбылысты теориялық жəне практикалық тұрғыдан зерделеуге арналған. Кітап бизнесі бар кəсіпкерлер мен болашақта кəсіпкер болғысы келетін жастарға, жоғары жəне кəсіби оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, кəсіпкерлікті зерттеп жүрген қауымдастыққа, осы салаға қызығушылығы бар қалың оқырманға арналған. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі МВА курсының оқулығы ретінде ұсынылады.
Дайындаған: Ж.НАУРЫЗ.