Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді «ХҚО» мобильдік қосымшасынан ала алады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, «ХҚО» мобильдік қосымшасын енгізді. Ол қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерді смартфондағы бейнеқоңырау функциясы арқылы алуға мүмкіндік береді.

«ХҚО» қосымшасы арқылы Ақмола, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарының операторлары пилоттық тәртіпте клиенттердің қоңырауларын қабылдап жатыр.

2021 жылдың қыркүйегінде «ХҚО» мобильдік қосымшасы арқылы пилоттық режимде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі бекітілген. Олардың арасында сотталмағандығы туралы анықтама алу, зейнетақы қорынан үзінді көшірме алу, жылжымайтын мүліктің бар екендігі туралы анықтама алу және тұрғылықты тіркеуден шығару сияқты т.б.  қызметтер бар.

Қосымшаның тағы бірнеше қосымша функционалы бар. Клиент ХҚО-ға кезекке тұрып, QR-кодтың көмегімен талон ала алады, бөлімшенің жұмыс тәртібі мен мекенжайын біліп, қажетті байланыс ақпаратын таба алады.

«ХҚО» мобильдік қосымшасын Play Market-тен жүктеп алуға болады және жақын арада App Store-да пайда болады. Әзірге бета-нұсқасы қолжетімді, бірақ қазақстандықтар қосымшаны қазірдің өзінде пайдалана алады. Біз сондай-ақ қосымшаны сынақтан өткізген арнайы фокус-топ құрдық. Тестілеу қорытындысы бойынша фокус-топ қатысушылары кейбір техникалық мәселелер бойынша өз ұсыныстарын айтты. Функционал пысықталып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны толықтырылатын болады. Бұл қосымша – ХҚО жұмысының жаңа форматы»–деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Қазіргі уақытта «ХҚО» мобильдік қосымшасын мыңнан астам қазақстандық жүктеп үлгерді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521