Қазақстандағы ірі вагон жөндейтін зауыттарды ресейлік компания сатып алып жатыр

"Қамқор Локомотив" пен "ҚамқорВагон" компанияларын ресейлік кәсіпкер және инвестор Алексей Лебедев басқаратын консорциум сатып алып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Logirus.ru басылымына сілтеме жасап.

Аталған қос компания Қазақстандағы ірі вагон және локомотив жөндейтін кәсіпорын мен депоны біріктіреді. Алексей Лебедев 10 жылдан аса ауақыт "Ресей темір жолы" жүйесінде жұмыс істеген. Соның ішінде тарту дирекциясы басшысының орынбасары болып қызмет еткен.

Соңғы жылдары ол өндірістік-инвестициялық жобалармен шұғылданып, "МТ Промышленный оператор" транспорт-экспедиторлық компаниясын басқарады. Бұл компания өндірістік кәсіпорындарды кешенді логистикалық қызметпен қамтамасыз етеді.

Хабарланғандай, Алексей Лебедев сатып алынып жатқан кәсіпорындардың техникалық жағдайын жоғары бағалаған. Ал алдағы жылдары компаниялардың техникалық атқарымын, кадр әлеуеті мен коммерциалық бағдарын сақтау басты міндет болып отыр. Инвестордың сөзінше, келешекте компанияны дамыту, жұмыс тәжірибесіне сандық технологияларды енгізу, бірыңғай ақпарат ортасын құру жоспарланған.

Айта кетейік, “Қамқор” компаниялар тобы – “Теміржолэнерго”, “Қамқор Локомотив” пен “ҚамқорВагон” ЖШС Тимур Құлыбаевқа тиесілі болған.

Stan.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз