Қазақстандағы ең арзан газ – Жылыойда

Көгілдір отын мәселесі сөз болғанда тариф мәселесі де қалың жұртшылықты толғандырары хақ. Бұл турасында халық арасында алып-қашпа әңгіме көп. Біз осыған орай «Жылыойгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ғалым Жақашевқа жолығып, бірнеше сауал қойған болатынбыз.

-Ғалым Мусиұлы, аудан тұтынушылары үшін көгілдір отын бағасы қалай бекітіледі?

-Ең алдымен, айта кету керек, біз - ТШО-ның өндіріп, өңдеген газын аудан тұрғындарына жеткізіп беретін тасымалдаушы мекемеміз. Ал тасымалдау тарифі, яғни газ бағасы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен келісіп жасалады. Онсыз көгілдір отын құнын өздігімізден қойып, белгілеп алуға, оны негізсіз көтеруге де құқығымыз жоқ. Ал тауарлық газды тасымалдау тарифі Табиғи монополияларды реттеу саласының заңнамалық актілерінде көзделген барлық талаптарға сәйкес бес жылға бекітілген. Ол үшін серіктестік дәл осындай мерзімге инвестициялық бағдарлама жасақтап, онда көрсетілген жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыру үшін өз мойнына нақты міндеттемелер жүктейді. Айталық, бағдарлама 2016-2020 жылдарға жасақталып, Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен келісіліп, Департаментпен бекітілді.

Толығырақ «Кең Жылыой» газетінде

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT