Қазақстанда телерадио хабарын тарату уақытша тоқтатылады

Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет

2020 жылдың 15 шілдесінде сағат 03:00 пен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.

Барлық сұрақтар бойынша 193 және +7 (727) 258 15 00 номері және мессенджерлер арқылы «Қазтелерадио» АҚ call-орталығына хабарласуға болады:

Telegram: https://t.me/joinchat/FNZ5v1TDpKD4QLp_lZr7ug

WhatsApp: https://chat.whatsapp.com/Gk2loSQO8kUAdJ2XhJI0xZ

https://wa.me/77072581500

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521