Қазақстанда COVID-19-ға қатысты қосымша жасалды

Қосымшада "Мен вирус жұқтырдым", "Вирус жұқтырғандармен байланыста болдым" деген функциялар арқылы өзіңіз туралы ақпарат бере аласыз.

Коронавирус пандемиясына қарсы бүгінде түрлі қосымша шығып жатыр. Бірі коронавирусты дауыс арқылы анықтаса, тағы бірі жақын маңда COVID-19 жұқтырған адамның бар-жоғын тексереді. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа қатысты жасалған қосымшалар туралы баяндайды.

Вирус жұқтырғандардың кіммен байланысқанын бақылайтын қосымша

Cnet мәліметі бойынша, таяуда Apple мен Google компаниялары COVID-19-ға қатысты қосымша шығарған. Оның функциясы - коронавирус жұқтырғандардың телефонында нөмірлер кітапшасында сақталған адамдарды бақылап отыру.

Жаңа қосымша қолданушының ықтимал контактілерін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе вирус жұқтырған адамдарды іздеуді жеңілдетеді деген болжам бар. Себебі көп науқастың ауру белгілері жоқ, сондықтан олар вирус жұқтырғанын білмеуі де мүмкін. Бұл қосымша денсаулық сақтау жүйесіне көмектеседі деген болжам айтылған. Бірақ қолданушылар осы қосымшадан соң жеке мәліметтердің қауіпсіздігіне алаңдап отыр

Қазақстанда да COVID-19-ға қатысты қосымша жасалды

Қазақстанда да коронавирусқа байланысты қосымша жасалған. Тегін сервис VLIFE жобасының бағдарламашыларымен Алматы әкімдігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, "Медикер Алатау" медициналық компаниясының қолдауымен құрылған. Covid19live жобасы Қазақстанда коронавирустың таралуын нақты уақыт режимінде бақылауға, ал ең бастысы - жұқтыру немесе жұқтырғандармен байланыс туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Сервис қазақ және орыс тілдерінде жасалған.

Қосымшадан Қазақстан бойынша коронавирустың онлайн-картасы, вирус туралы өзекті жаңалықтар мен маңызды ақпараттарды оқуға болады. Қосымшада "Мен вирус жұқтырдым", "Вирус жұқтырғандармен байланыста болдым" деген функциялар арқылы өзіңіз туралы ақпарат бере аласыз. Бұл мәліметтер құпия күйінде сақталады, оны тек денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері ғана көреді.

Жүрек соғысының жиілігін тексеретін қосымша

Роберт Кох институтының (RKI) жетекшісі Лотар Вилер Corona-Datenspende жаңа мобиль қосымша ұсынды. Ол коронавирустың таралуы туралы мәліметтерді жинауға арналған. Оны толығымен ерікті түрде және бүркеншік атпен қолдануға болады. Қосымша смартфондарда, "ақылды сағаттарда" және фитнес білезіктерде жұмыс істейді. Қосымшаға тіркелу кезінде қолданушы жынысын, жасын, бойы мен салмағын жазуы қажет.

tengrinews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT