Қазақстан Полициясы жасасын: қажылыққа бара жатқан Өзбекстан азаматы полицейлерге алғысын айтты

Бүгін, 20 мамыр сағат 14:30 шамасында Атырау облысы Жылыой ауданында полиция қызметкері жол бойында велосипедіне Өзбекстан елінің туын іліп, сөмке асынған егде жастағы ер адамды байқайды.

Тәртіп сақшысы әлгі ер адаммен тілдесіп, мән-жайды білмек болады. Сөйтіп, 1966 жылы туған ер адам Өзбекстан Республикасынан Шымкент қаласындағы шекара арқылы өтіп, Атырау қаласынан Ақтау қаласына жол тартып бара жатқандығын айтады. Ал, діттіген мақсаты Сауд Арабиясындағы Мекке- Мединеге қажылыққа жету екендігін де баяндаған. Жылыой ауданы полиция бөлімінің Тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары полиция капитаны Нұрлан Жангелов өз кезегінде ер адамға көмегін ұсынып, жол көрсетіп, азық-түлік және қаражатпен қамтамасыз еткен. Өзбекстан азаматы Бозорбой Сатволдиев полицейдің бұл ісіне риза болып, өз рахметін білдірді. Айтуынша, қазақ полицейлері оған саяхат кезінде көп көмектескен.

- Ассалаумағалейкум, құрметті Қазақстандықтар! Мен Өзбекстан Республикасының азаматымын. Өзбекстан Республикасынан Меккеге велосипедпен қажылыққа бара жатырмын. Жол көрсетіп, құрмет көрсетіп жатқан Қазақстан полициясына рахметімді айтамын, қызметтеріңізге сәттілік. Қазақстан Полициясы жасай берсін – деді Бозорбой Сатволдиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз