Қазақстан қалаларындағы блокпостар алынып тасталады

Барлық санитарлық талаптар сақталуы тиіс

ҚазАқпарат – Қазақстан қалалары арасындағы блокпостар алынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымнан қалалар арасында блокпостарды алып тастау шешіміне сәйкес, 5 маусымнан тасымалдау шараларын жандандыру бойынша жұмыстар іске асырылады», - деді Ж. Тайжанов.

Оның сөзіне қарағанда, автобуспен жолаушыларды тасымалдау кезінде тасымалдаушылардың тиісті жұмыс алгоритмі бас санитарлық дәрігер қаулысы талаптарын ескере отырып әзірленді.

Осы орайда бағдардың соңғы пунктерінде автобустарды дезинфекциялау, көлік салонына тек медициналық маскада отырғызу, сондай-ақ басқа да қауіпсіздік талаптары ескерілген.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз