Аялдама әлегі

Бүгінде қала тұрғындарының игілігі үшін көптеген жұмыстар жасалуда.

Жаңа автобустар, аялдамалар, жаңа тұрғын үйлер салынуда. Дегенмен әлі де болса жетіспеушіліктер бар. Біз, 9-учаске тұрғындары қаланың орталығына жету үшін қоғамдық көлікке аялдамадан мінуін мінеміз-ау. Ал бірақ үйімізге кері қайтар кезде қарсы бағытта аялдаманың жоқ болуы салдарынан қай жерден түсерімізді білмей, дал боламыз.

Кей жағдайда автобус жүргізушісі де аялдама орнатылмағандықтан тұрғындардың айтқан жеріне тоқтамай кетіп жатады. Осындайда үйімізден қашық аялдамадан түсіп қалуға тура келеді. Ауа райының жауын-шашынды, жаңбырлы күндері тіпті қиын. 9-ауылдағы «Аяжан» сауда нысаны мен «Гүлназым» дүкені аралығында жаңа аялдама орнатылса екен деген тілегіміз бар.

Құлсары қаласы,

9-учаске тұрғындары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз