Егер сатып алынған аяқкиім сапасыз болып, сатушы ақшаны қайтарудан немесе аяқ киімді ауыстырудан бас тартса, не істеу керек?
Ең алдымен, тұтынушылардың назар ы н Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 15-бабына аударғымыз кееледі. Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес, сапасыз тауар сатып алған тұтынушы, егер оның кемшіліктерін сатушы ескертпесе, өз таңдауы бойынша төмендегі құқығын талап етуі тиіс:
1) сатып алу бағасын мөлшерінен кемітуді;
2) тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге құқылы.
3) тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді;
4) соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды;
5) сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды;
6) шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1)-6) тармақшаларында көрсетілген талапты таңдауына қарамастан, келтірілген залалды өтету құқығы тұтынушыға тиесілі болады.
Өз құқығыңызды біліңіз! Егер осы салада туындаған мәселе немесе сауалдарыңыз болса, онда кеңес алу үшін Атырау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне келуіңізге немесе «Е-Otinish» платформасы арқылы өтініш жазуға болады.
Біздің мекен жайымыз: Атырау қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 79 («Көрме орталығы» ғимараты, 2-қатар). Телефоны: 8 (7122) 52-03-91, 52-07-83.
Атырау облысы бойынша
Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті