«Автожолшылар» ықшамауданына автожол төселуде

Құлсары қаласында қалаішілік автомобиль жолдарын төсеу жұмыстары басталды.

Қазіргі уақытта «Автожолшылар» ықшамауданындағы жалпы көлемі 3,5 шақырымдай №348, 349, 350, 353, 355, 356, 357, 360 көшелер асфальттанды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Әлібек Науаров жаңалықтармен бөлісті. -Қалаішілік тасжол төсеуді қажет ететін 107 шақырым қашықтықтағы жерлер белгіленіп, бұл жұмыстардың 2018 жылы 1-ші кезеңі басталған болатын. Ағымдағы жылдың соңына дейін. 6 шақырым асфальт төселіну жоспарлануда , - дейді ол.

«Автолшылар» ықшамауданы тұрғындары бұрын көлік жолдарының болмауынан не әбден жүруге жарамсыз боп қалғандығынан қиындық көріп келген еді. Бүгінде өздері тұрып жатқан аумақта жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанына дән риза.

С.Тәжіқызы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз