Фитосанитариялық есептілік – бұл ауыл шаруашылығында өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін құжат. Бұл есептілік зиянкестер мен аурулардың болуын тексеруге және оларды болдырмауға бағытталған. Оны уақытында тапсыру әрбір шаруашылықтың заңды талаптарға сәйкес жұмыс жасайтынын көрсетеді.
Биылғы жылдан бастап Фитосанитариялық есептілік ABIS (Atameken Business Information Services) автоматтандырылған жүйесі арқылы тапсырылады. Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» заңының 14-5-бабының 3-тармақшасына сәйкес, қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар төмендегідей көрсетілген фитосанитариялық есептіліктерді уәкiлеттi органға табыс етуге міндетті. Бұл ретте фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну тәртібіне:
1) қызметі мемлекеттік фитосанитарлық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар;
2) өсімдіктерді корғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар кіреді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығы фитосанитарлық есептілік жөнінде нақты талаптарды белгілейді. Бұл бұйрық фитосанитарлық есептілікті тапсыру тәртібін, қажетті құжаттарды және есептіліктің формаларын айқындайды. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар:
ФУ-2 пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы, кезеңділігі жартыжылдық, 10 шілдеге дейін және 10 қаңтарға дейін;
ФУ-3 пестицидтерді, биоагенттерді сақтау туралы есеп, кезеңділігі – жылдық;
ФУ-4 химиялық өңдеулер жүргізу туралы есеп; кезеңділігі наурыздан қыркүйекке дейін ай сайын, есепті айдан кейінгі әр айдың 10-на дейін;
ФУ-5 тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп;
кезеңділігі – жылдық; Фитосанитариялық есептiлiктi уақытылы тапсырмау Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» заңын бұзу болып саналады. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 403-1-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік иелеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiкке елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соқтырады. Бұл ретте туындаған барлық сұрақтар бойынша Құлсары қаласы, С.Асфендияров көшесі, 12 «А» үйдегі инспекцияға немесе 5 -57 – 30., 8-702-380-31-34 телефондарына хабарласып, жауап алуға болады.
Г. Мұханбедиярова,
аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы, өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы