Абырой болғанда жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алғандар жоқ.
Атырау облыстық Полиция департаментінің фейсбук парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, кеше, яғни 15 сәуір күні кешкі сағат 19:05 шамасында «Hyundai Accent» көлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қаладағы орталық көпірден түсіп келе жатып, Азаттық-Абай көшелері бойындағы бордюр мен субұрқағына соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алғандар жоқ.
Осы орайда, 1992 жылы туған көлік жүргізушісіне қатысты іс-құжаттар жинақталып, сотқа жолдануда.