Жылыойда автокөліктен өрт шықты

Авто

2020 жылғы 24 тамызда сағат 01:18-де Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама келіп түсті.

Жылыой ауданының Жаңа Қаратон кенті, Жем ауылдық округінің Тұрғызба ауылында "Уаз-39094" маркалы автокөлігінің алдыңғы жағынан өрт шыққан. Көлік иесі: 1985 ж. т. азамат К.Т.

Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ 1 бірлік өрт сөндіру техникасы және 3 қызметкері жұмылдырылды.

Өрт шыққан автокөлікте зардап шеккендер жоқ.

Атырау облысы ТЖД қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертті!

Атырау облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521