Автобустар да талапқа сай тазартылды

Құлсары қаласы ішінде қатынайтын автобустар қозғалысы соңғы кездері жолға қойылып, халықтың ризашылығына бөленген еді.

Бұл аудан әкімі Азамат Бекеттің іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің нәтижесі десті аудан тұрғындары.

«Халық айтса - қалып айтпайды» дегендей, елдің ықыласы мен бағасы орынды. Коронавирус індеті әлемді жайлап, қауіп бұлты дүниежүзін торлап тұрғанда Жылыой ауданы әкімдігі қауіпсіздік шараларын жедел қолға алды. Арнайы штаб құрылып, сақтық шаралары жоспарланып, ауданымыздағы барша құзырлы органдар күні-түні халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тынымсыз қызмет етуде.

Сондай шаралардың бірі - жолаушылар автобустарының ішін залалсыздандыру. Қалаішілік маршруттарда қызмет көрсететін «БатысТехИнвест» ЖШС-мен «Теңізавтокөлік» ЖШС-нің қызметкерлері мекемелеріне қарасты автобустарды әр соңғы аялдамаларға жеткенде дезинфекциялайды.

Вирусолог ғалымдар мен дәрігерлер вирустың темір, пластик бұйымдардың бетінде, тұтқаларда ұзақ сақталатынын айтып дабыл қағуда. Сондықтан автобус іші түгелдей хлор ерітіндісімен, басқа да антисептикалық құралдармен мұқият тазартылуда.

С.БАҚТЫҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз