Ауыз су тоқтаусыз жүріп тұрса...

Аудан әкімі Халел Жамалов Құлсары қаласындағы су айдау станциясының (ВНС) жұмыстарын барып көрді.

Құлсары қаласына ауыз су «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-не қарасты су тазарту станциясынан тазартылған күйінде алынып, бұдан соң «Жылыойсу» МКК арқылы халыққа беріледі.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасының «Құлсары қаласының су құбыры жүйесін жаңарту» жобасына сәйкес, 2009-2012 жылдары қалаға Д-110-355мм-лік полиэтиленді ауыз су құбыры жүргізілген еді. Ұзындығы 261км құрайтын құбыр қаланы толықтай қамтыған. 1370 су құдығы бар, оның 459-ында өрт сөндіру гидранттары орналасқан, сонымен қатар әрқайсысының сыйымдылығы 5000м3 құрайтын екі су сақтау қазандары (резервуар) бар жаңа су айдау станциясы салынды.

Құлсары қаласына ауыз су 2014 жылдан бастап сол ТШО-ның «Игілік» бағдарламасымен салынған су айдау станциясы арқылы беріліп отыр, су айдау станциясының жалпы ауданы 13009м2, оның ішінде насостар орналасқан ғимарат ауданы 1675м2 құрайды.

Су айдау станциясында әрқайсысының сыйымдылығы 5000 м3-тік екі дана су сақтау қазандары бар. ВНС аумағында тексеру-бақылау пункті (КПП), машинистерге арналған ғимарат орналасқан, аумақ темір бетонды плиталармен қоршалған, станция аумағы толықтай жарықтандырылып, бейнекамералар орнатылған.

Ауыз су қалаға 3 бағыттағы Д-400мм құбырлар арқылы беріледі. ВНС-та әрқайсысының сыйымдылығы 5000 м3-тік екі дана су сақтау қазандары бар, бірақ ол жаз айларында толық ауыз су қорын жинап алуға жеткіліксіз, себебі шілде-тамызда қала тұрғындары 14000м3-ге дейін су тұтынады.

Биыл қаланы ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету үшін және соған сәйкес су қорын жинайтын қазандарды көбейту үшін қосымша әрқайсысының сыйымдылығы 5000м3-тік 4 резервуар салу жоспарланып отыр.

С.ТӘЖІҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT