Сыбайлас жемқорлық - бүгінгі қоғамның өзекті де күрделі мәселесінің бірі. Бұл індет әлемнің қай-қай елінде де бар. Бірақ оның түп тамырына балта шапқан мемлекеттер де кездеседі.
Әрине, ондай деңгейге жетуге болады. Ол үшін жемқорлықпен күресіп жатқан барша ұйым, мекеме жұмысына жаңа серпін беру керек. Онсыз бұл дерт қоғамға орасан зор зиянын тигізеді.
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әлемнің әр түкпірінде әр түрлі деңгейде жүргізіліп отыр. Әлем кеңістігінде бұл тоқтаусыз күресте барлық елдерге бірдей пайда беретін арнайы механизм жоқ.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді дана қазақ. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу үшін оның алдын алған әлдеқайда тиімді. Сондықтан аудандағы мемлекеттік мекемелерде бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Жемқорлықты болдырмау тақырыбында оқулар өткізіліп, түрлі түсінік жұмыстары жүргізілуде. Бұл қауіпті кеселді бодырмауға біраз серпін берері белгілі.
Қ.Дегенбаева,
аудандық статистика бөлімінің жетекші маманы